Ертіс өңірінде соңғы тәулікте қар құрсауынан тоғыз адам құтқарылды

Түнде боранға қарамастан жолға шыққан үш жеңіл көлік жолда тоқтап қалып, төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорда - Павлодар жолының бойында тұрып қалған тағы екі көліктің жолаушылары да оқыс жағдайға тап болды. Құтқарушылар машиналарды қардан тазаланған жол учаскесіне шығарып берді. Мамандардың шұғыл әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланып, бірнеше бағыт бойынша жолдар жабылды. Сала қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

- Екібастұз қаласынан 40 шақырым жерде жеңіл көліктің ақаулы екені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының екі адамы шығып, Екібастұз қаласына үш адам жеткізілді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында ешкімді үсік шалған жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады. Павлодар облысы төтенше жағдай департаменті барлық азаматтардан елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.