Дауылды ескертулерге құлақ асыңыздар – ТЖД

Шығыс Қазақстанда ақ түтек боранға қарамастан сапарға шыққан жолаушылар жолда қалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түнде құтқарушылар трасса бойындағы 6 адамға көмек көрсетті. Мәселен, Үржар ауданында Мақаншы - Қарабұта ауылдарының арасындағы жолда 4 адамы бар көлік жүре алмай тұрып қалған. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері ол жерге жедел жетіп, тұрғындарды сол маңдағы ауылға жеткізіп тастады. Құтқарушылар жол үстінде тұрып қалған тағы екі жолаушысы бар автокөлікті байқаған, тұрғын мекенге шығарып салған. Өңірде күн райының бұзылып, қатты боран соғатыны жайлы алдын ала ескертілген болатын. Қазір Шемонайха мен Ресей Федерациясы шекарасына апаратын тас жол мен Тарғын-Самар және Қарағанды-Аягөз-Боғас жолдарының кейбір бөліктері жабылды. Ол жақтарда бұрқасын соғып тұр.

Дмитрий Титов, ТЖД бастығының орынбасары:

– Күн райы әлі де тұрақсыз.жылдамдығы секундына 23-28 метрге жететін екпінді жел соғып тұр. Көп өңірде қатты боран. Тұрғындардан барлық ескертуге көңіл аударып, ауа райындағы қолайсыздықтардан хабардар болып жүруді сұраймыз.

Сондай-ақ...