430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

  • 116
  • UPD: 15:29, 25.02.2021
Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

Қарағанды облысында ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран тұрып, барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті Қарағанды мен Теміртау арасындағы автобанда да көлік қатынасы тоқтатылды. Қазір бұл маңда коммуналдық қызмет қарды тазалап жатыр. Ал ескертуді елемей, тәуекелге бел байлағандарды тәртіп сақшылары бекет маңынан тоқтатуда. Соның салдарынан кептеліс пайда болған. Синоптиктер қолайсыз ауа райы ертең де сақталатынын айтады.

Ибрагим Сейдаев, Теміртау қаласының тұрғыны:

– Қырық минут тұрмын. Білмеймін, бүгін ашпайтын сияқты ғой жолды. Алдындағылар соғысып жатыр дейді. Қала салайын десем, үй жоқ. Теміртауда тұрамын. Амал жоқ, тұрмыз енді.

Азамат Усабеков, Қарағанды қаласының тұрғыны:

– Ештеңе деген жоқ, тұрыңдар дейді. Оларды да түсінуге болады, еріккеннен жапқан жоқ шығар. Мен диализ орталықта жұмыс істеймін, дәрі-дәрмек апара жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы