Жамбыл облысында жолда қалған 30 адам құтқарылды

Арасында жас бала бар. Барлығы жақын маңдағы жылыту бекетіне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ешкім медициналық көмекті қажет етпеді. Құтқару жұмыстары Жуалы, Жамбыл, Талас аудандарының аумағында жүргізілді. Төтенше жағдай қызметі қарға кептеліп қалған 17 көлікті сүйреп шығарды. Қазір республикалық маңыздағы Алматы-Термез-Ташкент жолы жабық. Құтқарушылар жылжымалы асхана ұйымдастырып, далада қалғандарға ас-ауқат жеткізіп жатыр.