Елімізде жыл сайын әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан аса қылмыс жасалады

Еліміздегі әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы жасағы қайта құрылады.

Онда әйел тергеушілерге екпін берілмек. Өкінішке қарай, жыл сайын әйелдерге қарсы 2 жарым мыңнан аса қылмыс жасалады екен. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары да аз емес. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында осылай деді. Мәселені шешу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар жұмыла жұмыс істеуі керек.