424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстау облысынан жаңа мұнай кеніші табылды

  • 466
  • UPD: 22:50, 25.02.2021

Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орЫны табылды. Алғашқы сараптама мұндағы мұнай мен газдың құрамында күкірт жоқ, сапасы өте жоғары екенін көрсеткен.

Мамандардың айтуынша, Тепке учаскесі ел тәуелсіздік алған күннен бері өңірде ашылған ең ірі кеніш. Геологтар мен геофизиктердің екі жылғы зерттеулері табыспен аяқталды. Тепке учаскесін бұрғылау жұмыстары былтыр қарашада басталған еді. 3 ақпан күні жердің төменгі Юра қабаттарын сынау кезінде 1-барлау ұңғымасынан мұнай атқылады. Жаңа кен орны аты аңызға айналған геолог-барлаушы Халел Өзбекқалиевтің есімімен аталады.

Балтабек Қуандықов, Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының президенті:

- Қазір шығып тұрған мұнайдың өлшемі мысалы 6 мм штуцер бойынша шамамен 130-140 текше метр. 8 мм штуцер бойынша 230-240 текше метр. Өзендегі, Жетібайдағы, Қаламқастағы немесе басқа да кен орындармен салыстырып қарағанда бір жерде де ондай өнім беретін скважина жоқ. Ертең ол жерде үлкен жұмыстар істеледі. Осы жердің тұрғындары жұмысқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы