Коронавирус: 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Елімізде 20 277 адам коронавирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 6 919 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 4 452 пациент стационарда, 15 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 254 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.