433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында заңсыз алкоголь өнімдерін дайындайтын зауыт анықталды

  • 119
  • UPD: 09:59, 26.02.2021
Алматы облысында заңсыз алкоголь өнімдерін дайындайтын зауыт анықталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, Алматы облысының аумағында өнеркәсіптік ауқымда алкогольдік өнімдер шығаратын зауыт қызметінің жолын кесті.

«Тінту барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 20 атаулы 170 мыңнан астам бөтелке ішімдік анықталды. Сонымен қатар көрсетілген өнімдер сертификатталмаған және адам денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін еді.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етуге жатпайды», - делінген ҚР ҚМА баспасөз хабарламасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде суррогат өнімдерінің кесірінен жыл сайын 3 миллионнан астам адам көз жұмады.

Хабар 24 телеарнасы