424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртаудағы ЖЭО-да қазандықтар қайта іске қосылды

  • 209
  • UPD: 14:02, 26.02.2021
Теміртаудағы ЖЭО-да қазандықтар қайта іске қосылды

Теміртаудағы жылу энергия орталығында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, ақау шыққан қазандықтар қайта іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімі бұл келеңсіздік үшін тұрғындардан кешірім сұрап, тиісті деңгейде берілмеген жылу бойынша қайта есептеу болатынын жеткізді. Кеше жылу энергия орталығындағы 5 қазандықтың екеуі істен шыққан. Қалаға жылу мардымсыз берілген. Ал ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендеген. «Енді үйлер мен ғимараттар қалыпты нормаға дейін жылытылады», - дейді жергілікті билік өкілдері.

Қайрат Бегімов, Теміртау қаласының әкімі:

- Қазіргі уақытта жөндеу бригадалары күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Еңбек және материалдық ресурстар жеткілікті. Бұл жағдай тұрақты бақылауда. Температуралық режимді сақтау есебінен қызмет берушілер қайта есеп жүргізетін болады. Болған жағдайға байланысты тұрғындардан өз атымнан кешірім сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы