Биыл мерзімді әскери қызметке 13500 жасты тарту көзделген

Бірінші наурызда елімізде көктемгі әскерге шақыру басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерзімді әскери қызметке 13500 жасты тарту көзделген. Сақтық шаралары барынша сақталады. Жоспар бойынша әскерге шақырушылар індет жұқтырмағанын растау үшін екі рет ПТР сынама тапсырады. Кейін жеке құраммен бірге вакциналауға қатысуға міндетті. Сондай-ақ биыл пилоттық режимде әрбір 18 бен 27 жас аралағындағы азаматқа 1414 нөмірі арқылы смс-хабарлама жіберу көзделіп отыр. Бүгінде әскери міндетті өтеу абыройлы әрі қауіпсіз. Қызмет барысында жарақат алу 40%-ке, қайтыс болу дерегі 63%-ке азайған. Өкінішке қарай, Отан алдындағы борышын өтеуден қашамыз деп алаяқтарға ұрынатындар көбейген.

Сәкен Жүсіпов, ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы:

- Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін ақша үшін көмек көрсетуге уәде беретін адамдар арқылы шешуге әрекет етпеңіздер. Олар әскерге шақырушыларға заңды түрде әскерге шақыруды кейінге қалдыру тез болса да халық бұл туралы хабарсыз болуын пайдаланатын алаяқтар.