Еліміздегі этномәдени бірлестік өкілдері қайырымдылық акциясын бастады

Биыл елімізде Алғыс айту күні алтыншы рет аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте айтулы күнге орай елордада түрлі іс-шаралар бастау алды.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

– Алғыс айту мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы жәрмеңке, көрме, эстафета, дөңгелек үстел және қайырымдылық іс-шараларын өткізіп жатыр. Оған 22 этномәдени бірлестік өкілдері атсалысқан. Жәрмеңкеде жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалады. Мерекелік шара 5 наурызға дейін жалғасын табады.

Наргизам Ділмұратқызы, ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі:

– Жүрегі кең қазақ елі 130-дан астам біз сияқты ұлттарды бір шаңырақтың астында ұстап отыр. Тату өміріміз үшін қазақ халқына алғыс айтқым келеді. Ұлттық тағамдарымызды алып келдік. 12 түрлі лағман түрі, тұшпарамыз бар. Өзге ұлтың өкілдері өз тағамдарын ұсынып отыр.

Еліміз осымен алтыншы рет жалпыхалықтық Алғыс айту мерекесін тойлайды. Этномәдени бірлестіктің өкілдері қиын сәтте құшақ жайған қазақ халқына алғыс айту парызымыз дейді.

Гүлнара Тайгокова, қалалық ҚХА бас маманы:

– 1 наурыз алғыс айту күні және ассамблеяның құрылған күні. Мұқтаж балалардың еміне қаражат жинаймыз. Сосын ата-аналарына тапсырамыз. Жалпыұлттық бірлікті нығайтуға іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында 18 этнос өкілдері тұрады.

Мереке қарсаңында «Алғыс марафоны» атты қайырымдылық акциясы өтеді. Әл-ауқаты төмен жандарға азық-түлік жеткізіледі. Онда 70 қорап керек жарақ тарату қарастырылған.

Наргиз Бекмағанбетова, Жандос Сұлтанғазы