430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 165 адам әскерге барудан жалтарған

  • 153
Алматы облысында 165 адам әскерге барудан жалтарған

Қорғаныс істері қызметкерлері олардың тең жартысынан астамын тауып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді есепке алынғандар отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Өңірде наурыздың бесінен көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Облыс бойынша екі мыңға жуық жігіт «Ұлттық ұлан», «Шекара» қызметі және өзге де күштік құрылымдарға жіберіледі. Пандемияға байланысты қарулы күштерді жасақтау мерзімі тағы да ұзартылды. Бұрын бұл жұмыс наурыз-мамыр аралығында өтсе, осы жолы маусымға дейін жалғасады.

Талғат Дәулетханов, Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы:

– Барлық көрсеткіш бойынша, оның ішінде әскерге шақыру жұмыстары да бар. Алматы облысы 2019 жылы бірінші орын алды, 2020 жылы екінші орын алдық. Әскерге шақыру жұмыстары алдын ала зерделеу жұмыстарынан басталады.

Хабар 24 телеарнасы