425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕАЭО Өзбекстанның ауыл шаруашылығына тың серпін береді

  • 321
  • UPD: 15:14, 27.02.2021

Еуразиялық экономикалық одақ Өзбекстанның ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін бермек. Бүгінде интеграциялық бірлестікке мүше мемлекеттер жыл сайын шамамен 40 млрд доллардың өнімін импорттайды екен.

Ал іргедегі көршілер 2019 жылдың өзінде одақтас елдерге құны 700 млн доллардан асатын жеміс-көкөніс экспорттаған. Көбін Қазақстанға жөнелтіп отыр. Өзбекстан экономикалық бірлестікке мүше болған жағдайда көлік шығындары мен сауда кедергілері азайып, ауыл шаруашылық өнімнің экспорттық әлеуеті артады. Әсіресе ала тақиялы ағайын жыл сайын 22 млн тоннадан астам жеміс-көкөніс өсіретінін ескерсек, бес мемлекетпен одақтас болу тиімді болмақ, дейді сарапшылар.

Анвар Давлетов, Хорезм облысы жаңаарық ауданының әкімі:

- Әрбір кәсіпкер тап болатын кедергі – бұл логистика. Егер біз Одаққа мүше болсақ, бұл мәселе оң шешімін табады деп сенеміз. Сонда өзбекстандық өнімді көптеп сатуға мүмкіндік пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы