425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртаудағы үйлерге жылу берілді

  • 265
  • UPD: 07:00, 28.02.2021

Теміртауда №2 жылу энергоорталығының жұмысы жанданды. Онда 5 қазандық қайта іске қосылған.

Естеріңізге салсақ, үш бірдей қазандық істен шығып, қаладағы пәтерлердің іші суып кеткен еді. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жылу апатына қатысты прокуратураға кешенді тексеріс жүргізуді тапсырды. Ал жылумен қамтитын мекемеге №2 жылу энергоорталығының 7-қазандығының құрылысын биыл бітіруді жүктеді.

Владислав Цай, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- Теміртаудағы үйлер жылына бастады. Орташа ауа температурасы 19-21 градус шамасында. 2-жылу орталығы бес қазандықпен жұмыс істеп тұр. Жылу дұрыс берілмесе қала әкімдігінің диспетчерлеріне бірден хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы