АН-2 ұшағының шұғыл қонуы: Пилот болған жағдайды айтты

АН-2 ұшағының командирі кешегі жайттың жай-жапсарын айтып берді.

Тахир Өтегеновтың сөзінше, олар Боралдайдан Кегенге қарай бет алған. Енді ұша бастағанда қозғалтқыш істен шығыпты. Сол сәтте команидир әуе айлағына кері қайтуды ұйғарады. Бірақ үлгірмейтіндерін түсінген. Сөйтіп, ұшақты қондыратын ыңғайлы жер іздепті. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Ұшақты сол маңдағы ауылдың төңірегіне қондырған.

Есте болса, АН-2 ұшағы кеше Боралдай маңында шұғыл қонуға мәжбүр болған. Бортта 5 адам отырған. Қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы комиссия құрды. Апаттың анық-қанығын тексеріп жатыр.      

Тахир Өтегенов, АН-2 ұшағының командирі:

- Ұшқанымыз сол еді, 50 метрге дейін көтерілдік. Сол сәтте ұшақтың қозғалтқышы істен шықты. Біз құлап бара жатқандай болдық. Бірден кері қайтуды ұйғардым. Сөйтіп, ұшақты елді мекен маңындағы осы сайға қондыруыма тура келді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.

Сондай-ақ...