Елімізге жыл басынан бері Өзбекстаннан 450 мигрант келді

Өзбекстан Қазақстанға еңбек мигранттарын жіберіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан елге 450 өзбекстандық жұмыс істеуге келген. Қазір пандемия салдарынан шекара жабық болған соң екі қолға бір күрек іздеген көршілер Қазақстанға арнайы автобустармен жеткізілді. Іргедегі ағайын Оңтүстік Корея мен Ресейге де мигранттарды жөнелтіп жатыр. Ресейлік компаниялар өздеріне керек жұмысшыларды іріктеу үшін Өзбекстанға өкілдерін жіберген. Құрылыс және ауылшаруашылық салаларында еңбек ететін өзбекстандықтарды Ресейге арнайы бортпен тасымалдайды. Қазір көрші мемлекет шетелге бас-аяғы 3500-дей мыңдай еңбек мигрантын аттандырған.

Ортикхожа Норов, Өзбекстан Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Былтыр біз Қазақстандағы жұмыс берушілермен келіссөздер жүргіздік. Сөйтіп, жыл басынан бері бұл елге 450 еңбек мигрантын жібердік. Бұл азаматтар құрылыс саласында жұмыс істейтін болды.