432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ: 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі

  • 223
  • UPD: 13:24, 01.03.2021
ҚР ДСМ: 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі

2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы екі жарым есе өседі.

Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомстовның кеңейтілген алқа отырысында айтты. Яғни, алдағы үш жылда 247 мың маман жұмысына лайықты ақы алады. Жаңашылдық тек дәрігерлер ғана емес, денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкерге қатысты болмақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылдан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең кезеңінмен өсіруді тапсырды. Осы жылдың өзінде дәрігерлердің жалақысы 30%-ке артты. Ол үшін қазынадан 222 млрд теңге бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы