Елімізде биологиялық қауіпсіздік туралы заң әзірленеді

Биыл елімізде қауіпсіздік туралы заң әзірленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысының сөзінше, мемлекеттің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазынадан 55 млрд теңге қаржы бөлінбек. Қомақты сома саланы жаңғыртып, медициналық қызметтерді цифрландыруға жұмсалады. Бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылы аяқталады. Жаңа заң аясында  халық денсаулығын бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ қатерлер мен тәуекелдерге ден қою үшін 38 нормативтік-құқықтық актіге түзетулер енгізу көзделген.