Елімізде Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» жобасы іске қосылды

Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты жобасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда дәрігерлерге, ұстаздар мен құтқарушыларға, жалпы жаныңызда жүрген адамдарға рақмет айтып, жылы лебіз білдіруге болады. Қазіргі уақытқа дейін бірнеше хат келіп түскен. Әсіресе, қысылтаяң уақытта өмір мен өлім арасында арпалысқан ақ халатты абзал жандарға ерекше құрмет көрсетіліп жатыр.