Қазақстандықтардың 84%-і МӘМС жүйесіне тіркелген

Ел азаматтарының 84%-і міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесіне өткен.

Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Төкежанов алқа отырысында айтты. Ал қалыс қалғандар саны 3 млн-нан асады. Яғни, осыншама тұрғын арнайы шотқа бірде-бір рет жарна аудармаған. Жалпы былтыр қорға түскен аударымдардың жиыны 550 млрд теңге болған. Бұл қаражаттың жартысынан көбін жеңілдікке ие азаматтар үшін мемлекет төлеген. Жұмыс берушілер де өз қызметкерлері үшін жарна аударып жатыр. Өткен жылы ол 162 млрд теңгеге жуықтады. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда белсенділік бар. Ал Қызылорда, Батыс және Солтүстік Қазақстанда көрсеткіш төмен.

Сондай-ақ...