Табиғатты аялау шарасы «Алғыс айту» күніне орайластырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Жерұйық» саябағынан бастау алған шара «Жастар» және «Президенттік» бақтарында жалғасты.
Ерлан Онтаев, Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы:
- Бұл жеке сот орындаушылар тарапынан жасалынып жатқан бірінші әрекет емес. Әрқашан жеке сот орындаушылар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер жасап, оны көрсетуге дайын отырады. Сондықтан біз осы әрекетіміз арқылы қаламыздың тұрғындарына, қаламыздың табиғатына көңіл бөлсек, қаламыз таза болса, қаламызда құстар көп болса деген тілекпен жасап жатырмыз.