432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық кәсіпкер тыйым салынған заттарды колония аумағына кіргізбек болған

  • 127
  • UPD: 16:19, 01.03.2021
Алматылық кәсіпкер тыйым салынған заттарды колония аумағына кіргізбек болған

Алматы облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы облысының ЛА-155/14 мекемесіне аталған колонияның аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан.

Мекеме аумағында орналасқан, сотталғандарға жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорынға арналған құрылыс материалдарын жеткізу кезінде кәсіпкер ағаштардың арасында тыйым салынған заттарды тығып, оларды мекеме аумағында сотталғандардың пайдалануы үшін өткізбек болды.

Алайда, режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Азат Сыдықовтың қырағылығының арқасында және «Лорнет» құрылғысының көмегімен мекемеге 32 ұялы телефон, 30 қуаттау құрылғысы мен 16 құлаққапты кіргізу дерегінің жолы кесілді.

«Аталған факт бойынша мекемеге процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қаласының жедел-тергеу тобы шақырылды», – деп атап өтті мекеме бастығы Руслан Ғабибов.

Хабар 24 телеарнасы