«Қазақконцерт» ұйымы бүгінгінің батырларын марапаттады

Алғыс айту күніне орай «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ақ халатты абзал жандар, полиция қызметкерлері мен ұстаздарды ерен еңбегі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген жалпыхалықтық мерекеде бүгінгінің батырларына ерекше алғыс білдірілді. Мерекелік шара «Мейірімді болайықшы, бауырлар!» атты қайырымдылық концертке ұласты.

Жеңіс Сейдоллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

– Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер ұжымдарында жұмыс істеп жатқан, елімізге еңбек сіңірген азаматтарға «Қазақконцерт» ұжымының атынан алғыс хатпен марапаттадық. Шынымды айтсам, мен де ән айтып, өзімнің, отбасымның атынан жылы лебізімді білдіріп, алғысым болсын деп жатырмын.

Сондай-ақ...