Павлодарда белсенді жастар трамвайлардағы жолаушыларға шоколад таратты

Ертіс өңіріндегі этномәдени бірлестік өкілдері «Алғыс айту» мерекесіне орай ерекше акция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенді жастар трамвайға мініп, жолаушыларға шоколад таратты. Мақсат – бір елде тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындарға рақмет айтып, игі тілек білдіру. Акция барысында жолаушыларға тәттілер тарту еткен жастар мерекенің мән-маңызын да түсіндірді.

Айта кетейік, бүгінде облыста 130-дан астам түрлі ұлт өкілі тұрады. 20-дан астам қоғамдық бірлестік жұмыс істейді.

Джабар Махмұтов, «Ватан» Әзербайжан этномәдени бірлестігінің белсендісі:

- Көктемнің алғашқы күні тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағымыз келді. Жолаушыларға бір шоколад беріп, алғыс айтып шықтық. Жастар үшін бұл мерекенің маңызы зор. Біз жас буын өкілдері ата-бабалырымыз, аға-әкелерімізге рақмет айтуымыз керек. Солардан тәлім алып, үміттерін ақтауымыз керек.

Әсімгүл Болатқызы, қала тұрғыны:

– Бәріңізді құттықтаймын. Денсаулық, ауызбіршілік болып, індеттен аман болайық.