Ақтөбеде тәртіп сақшылары мен волонтерлер марапатталды

Ақтөбеде еңбегімен көзге түскен тәртіп сақшылары мен волонтерлер алғыс алып, естелік сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрметке бөленгендердің індетке қарамастан құқық қорғаушылармен бірлесе әрекет еткен «Антиковид патруль» тобының волонтерлері де бар. Олардың көмегімен былтыр 13 қылмыс ашылған. Ал іздестіру-құтқару жұмыстарын ерікті түрде жүргізетін тағы бір команда, полицейлермен тізе қосып, жоғалған 50-ге жуық адамды тауып, отбасына табыстапты. Алғыс алғандардың ішінде екі инспектор бар. Олар тақауда өрт шыққан үйден бір адамды аман алып қалған.

Мұратбек Нұрмағамбетов, патрульдік полиция батальонының аға инспекторы:

– Адамды құтқарып шықтық. Өз өмірім туралы ой болған жоқ. Себебі ең бастысы адамды аман алып қалу болды. Әр құқық қорғау қызметінде жүрген қызметші менің орнымда да дәл солай істер еді деп ойлаймын.