Түркістан облысында мүгедек жандардың жеке көмекшілері екі айдан бері жалақы алмаған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында мүмкіндігі шектеулі 150-ден астам азаматтың жеке көмекшілері екі айдан бері айлық алмаған. Осылай деп арнамызға шағымданған бір топ азамат әкімдік алдына жиналып, өз  жалақыларын талап етті. Ал жергілікті билік тұрғындарға ақшаның әлдеқашан аударып қойғанын айтады. 

Мұсырманқұл  Жақсыбаев Бәйдібек ауданында тұрады. Әйелі қан қысымынан инсульт алып 1-топтағы мүгедек болған соң соған қарайды. Мүмкіндігі шектеулі азаматшаның жеке көмекшісі болып жүрген ол жаңа жылдан бері айлығымызды аламай отырмыз дейді.

Мұсырманқұл Жақсыбаев, мүмкіндігі шектеулі азаматшаның жеке көмекшісі:

- Бізге 2021 жылдың 2 айлық мүгедектерге қараушылардың мұқтаждарға қараушылардың айлығы берілмеді. Одан кейін памперс берілмеді, пастель берілмеді. Содан ертең айлық түседі деді. Сол айлық түсетініне бір ай болды. Әлі жоқ. 

Әкімдік алдына жиналғандардың барлығының мәселесі ортақ. Жеке көмекшілердің жан айқайын естіген жергілікті билік түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық мәселе заң аясында шешімін табатынын жеткізді.

Бахыт Тиындықова, Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы:

- Айлықтың кешіккені рас. Себебі қаржы бөлімінде, қазынашылықта экономика бөлімінде осы жұмыстарға байланысты. Қаржының барлығы 159-ерекшелікте тұрған тұғын. 322 ерекшелікке ауыстырылуына байланысты, осындай өзгерістер болды. Өзгерістерге байланысты задержка болғаны рас. 

Ал жалақы ақпан айының 23-24 күндері толық аударылыпты. Бұл жеке көмекшілерге қаңтардағы айлық ретінде беріледі. 

Бахыт Тиындықова, Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы:

- Бұл қаңтар айының айлығы. Ол әлі түскен жоқ қой? Түсіп қойды, төлем жүргізіп жатыр. Халыққа түскен жоқ қой ?Қоғамға ол түсіп қойды. Порталда тұр ол төленді, алынды деп қоғамнан. Ал ақпандікі бұйрыққа сәйкес, 10 наурыз күні қоғам бізге ұсыну керек. 10-ына дейін бұл кісілер қоғамға ұсыну керек. 10-ынан кейін барып төлем жүреді, 3 күннің ішінде. 

Мәтін: Аудандық әкімдікке қарасты әлеуметтік бөлім қаржыны бөлгенімен ол бірден халыққа жетпейді. Ортада жеке көмекшілердің өздері бекіткен корпоративтік қор бар. Қорға жауаптылар тиісті ақша бүгін иелерінің карталарында жатады деп сендірді.

Бекайдар Бейсембаев, «Тұрар» корпоратив қорының өкілі:

- Барлығынікі аударылды. Бүгін барлығының ақшалары түсу керек. Обедтерде уже. Сағат 9-да жіберілгендері уже карточкаларына түсіп те қалған болуы мүмкін. 100% түседі ақшалары. 

Көмекшілердің айлық жалақысы шамамен 24 мың теңге. Бұл олардың еңбектеріне сай емес дейді тұрғындар. Халықтың жауапты министрліктен тағы бір өтініші жеке көмекші статусын күтуші етіп алмастырса дейді. Осыны ескерген Бәйдібек ауданының әкімдігі жоғары жаққа ұсыныс хатта жазыпты. Енді тек әліптің артын бағып, күту ғана қажет.  

Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов