432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

  • 169
  • UPD: 11:02, 02.03.2021
Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар қаласында «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалының басшысы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы қамқорлығы үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады.

«Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы