430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әкімдер азық-түлік қорын қайта қарауы қажет – Мамин

  • 127
  • UPD: 14:13, 02.03.2021
Әкімдер азық-түлік қорын қайта қарауы қажет – Мамин

«Әкімдер азық-түлік бағасына бақылауды күшейтіп, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет».

Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін өңір басшыларына осындай тапсырма берді. Елде азық-түлікті форвардтық сатып алу тетіктері енгізілген. Мұндай жүйе Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облысында жақсы жолға қойылған. Мәселе агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған жиында талқыланды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, субсидиялау жүйесін реформалау, ауылда кооперацияны ынталандыру, сондай-ақ ветеринариялық, фитосанитариялық қызметтер мен аграрлық ғылымды одан әрі дамыту бойынша, 7 ірі экожүйені құру жөнінде міндеттер қойылды. Салада жыл сайын 70-80 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Алматы мен Жамбылда 2 қант зауыты салынуы тиіс. Сондай-ақ, балық өңдейтін 8 кәсіпорын іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы