Елдегі ауруханалардың жартысы ескірген – А.Цой

Елдегі ауруханалардың жартысы ескірген. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай қиын.

Емдеу мекемелерінің басым бөлігі жарамсыз күйге түскен. Медициналық жабдық жеткіліксіз. Тапшылық кей ауруханаларда 75 процентке дейін жетеді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрлер кабинетінің жиынында айтты. Бұған себеп жаңа емдеу мекемелерінің құрылыс қарқыны бәсеңдеп қалған. Былтыр жоспар толық орындалмады. Мәселен, 200 аурухананың орнына тек 63-і ғана бой көтерген.