Елде 660 мыңнан астам тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі сақталмаған

Қазақстанда 660 мыңнан астам тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Бұл осы кезге дейін жүргізілген рейд нәтижесі.

Қарапайым сақтық шараларын елемеудің арты қайғылы жағдайларға соқтырады.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, рейд жұмыстары жоспарға сай жүргізілген. 118 мыңнан астам үйге улы газды анықтайтын қондырғылар орнатылған. Нәтижесінде былтыр 18, биыл 3 рет қауіптің алдын алдық, дейді ол. Түсіндіру жұмыстарына құлақ аспау өз алдына, келген мамандарға есігін ашпайтындар бар. Маусым басталғалы бері осындай 77 мың дерек тіркелген.