425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Су тасқыны: эвакуация үшін 20 әуе кемесі дайын тұр

  • 299
  • UPD: 14:02, 02.03.2021
Су тасқыны: эвакуация үшін 20 әуе кемесі дайын тұр ҚР ТЖМ

Наурыз айының басында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.

Оның барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлігі тексерілетін болады. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифингте айтты.

Күштер мен құралдарды жедел жеткізу және зардап шеккен адамдарды жедел эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқұтқару» АҚ 20 әуе кемесі дайын тұр.

«Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер және 1,8 мыңнан астам бірлік техника. Халықты құлақтандыру мәселелері де пысықталды.

«Су тасқыны қаупінің алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы шеңберінде төрт жыл ішінде 315 елді мекенде су басу қаупін толығымен жоюға және 314 елді мекенда азайтуға мүмкіндік берді», – деді Ильин.

Сонымен қатар биыл еліміз бойынша әкімдіктер төтенше резервтер мен шұғыл шығындарға арналған резервтерге 38,1 млрд теңге бөлгені белгілі болды. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні әкімдіктер елді мекендерден 14,7 млн текше метр қар шығарды.

«Қазгидромет» алдын ала берген болжам бойынша, Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің бассейнінде ылғал қоры нормадан – 54%-ке, Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзенінің бассейнінде – 50%-ке және Ақтөбе облысындағы Ілек өзенінің бассейнінде 39%-ке артық», – дегенді қосты министр.

Хабар 24 телеарнасы