Шетелден ұшып келген бес адамнан КВИ анықталды

Елімізге Киев-Алматы рейсімен ұшып келген төрт жолаушыдан, сондай-ақ Шарм-ел-Шейх-Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір адамнан коронавирус анықталды.

Сонымен қатар өткен тәулікте  шетелден елге оралған 2 мыңнан аса қазақстандықтың 199-ында індет жұқтырмағанын растайтын анықтама болмай шықты. Енді бұл жолаушылар ПТР-сынама тапсырып, нәтижесі шыққанға дейін карантиндік стационарларда күтеді.