Павлодардың Май ауданында жөнделген жатақхана пәтер кезегіндегі тұрғындарға берілді

Май ауданының Көктөбе ауылында екі қабатты үй тапсырылды. Аудан орталығында ұзақ жылдар бос тұрған жатақхана ғимараты қайта жөнделіп, пәтер кезегінде тұрған ауыл тұрғындарының игілігіне берілуде. Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы отбасылармен қосқанда  барлығы 28 жанұя баспаналы болды.

Жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Қаражат «Бизнестің  жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен бөлінді.  

Марат Ақтаев, Май ауданының әкімі:

- Мемлекеттің стретегиялық, әлеуметтік бағытының бірі - бұл біздің азаматтарды баспанамен қамту. Осы біздің ауданда да міне келіп жетіп, осы ғимаратты «Бизнестің жол картасы бағдарламасы» аясында толық күрделі жөндеуден өтіп бүгін міне пәтердің иегерлері өз пәтерлеріне ие болады. Құтты болсын.

Әсият Сорханщук 2001 жылы Павлодар облысына ресейден қоныс аударған. Ата-ана қамқорынсыз қалған Максим және Алексей есімді егіз немересін үш айлығынан бауырына басыпты. Бүгінде қос ұлы ер жеткен. Біреуі баспаналы болып жатыр. 

Әсият Сохранщук,  М.Пресневтің қамқоршысы:

- Сол үш айлық балаларды міне 16-ға келді осы уақытқа шейін қолымда әлпештеп келе жатырмын. Мен үлкен қуаныштамын. Қуанышым қойныма да сыймай тұр. Сөзім де жетпейді айтуға мен ризамын.

Аграрлық колледждің бірінші курсында оқитын  Максим  келешекте фермер болуды армандайды. Әзірге үйінің ішін жиһазға толтыруды жоспарлап отыр. 

Максим Преснев,  студент:

- Мен пәтер кезегінде  алтыншы, жетінші болып тұрғанымды естігенде қатты қуандым.  Бәріне алғысым шексіз.  Әсіресе мемлекетке.  Енді үйім бар. Оқуымды оқып, үйіме қажетті заттарды аламын.

Ал Фариза апай он екі бала тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана. Өмір бойы ауылда тұрып келген ол ана жасы келгенде от жағып, су тасымайтыны жайлы үйде тұруды  жөн көріпті.

Фариза Майқыбаева, көп балалы ана:

- Көп балалы анамын ғой. Батыр анамын. Сосын беріп жатыр ғой маған. Мен бұрын Кеңтүбекте тұрдым. Сол Кеңтүбекте өстік, өндік, сол жерден міне 75-ке келдім. Бала-шағам бар. Қазір бір ұлдың қолында тұрамын. Осы әкімдер бізге сыйлығы ғой беріп жатқан. Көп балалы ана деп

Ауданда тұрғын үй құрылысы қарқын алған.  2021 жылы тағы отыз шақты үй бой көтереді.     

Қайролла Елеукенов, Май ауданы бойынша экономиканың нақты секторы бөлімі басшысының орынбасары

- Төрт пәтерлі 15 үйдің құрылысы бізде жоба бар. Соны салуға жоспарлап отырмыз және де екі пәтерлі 15 үйдің құрылысы салынады деп жоспарлануда.

Май ауданы бойынша 163 адам пәтер кезегінде  тұрған болатын. Бүгін 28 отбасы баспаналы болды. 

Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Сондай-ақ...