Ақтөбе облысында санитарлық талаптар жеңілдетілді

Бүгіннен бастап оқушылар мектепте білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастысы, әрбір сыныптағы балалар саны 25-тен аспауға тиіс. Ал, сабақтан тыс оқуға 15 адамға дейін қабылдауға болады. Шаһарлардағы мешіттер мен шіркеулерге де қызмет көрсетуге рұқсат етілді. Ғимаратқа кірген әрбір жанға төрт шаршы метрден есептелуі міндетті. Биллиард клубтары мен балалардың ойын-сауық орталықтарына да дәл осындай талап қойылған. Ал, өңірде өтетін спорттық шараларға көрермен залының 20%-ін ғана толтыруға болады. Алайда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық талаптар сақталуға тиіс.

Гүлбану Дәулетова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Біз «жасыл» аймақта орналасып отырмыз қазіргі таңда. Соған байланысты осы қаулы шығарылып отыр. Әрі қарай егер санитарлық-эпидемиологиялық ахуал короновирустық инфекция бойынша өзгерген жағдайда, соған сәйкес қаулы өзгертілуі мүмкін және де басқа да шаралар қабылданады.