Елордада коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді

Нұр-Сұлтан қаласында енгізілген шектеу шараларының арқасында коронавирустың таралуы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8% төмендеген, сонымен қатар соңғы аптада алдыңғы аптаға қарағанда 4,3% төмендеген.

Бүгінде қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақта» орналасқан, 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық қарқындылық – 54,04.

Өткен тәулікте қалада COVID-19-дың 65 жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде белгілері бар 41 жағдай, 24 симптомсыз жағдай анықталған.