Астанада коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы – жұмыс істейтіндер

Статистикалық мәліметтерге сәйкес елордада коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30-39 жастағы (24,8 %) және 50 жастан асқан адамдар (23,5 %).

Вирусты жұқтырғандардың 14,9%-ін балалар құрады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен онлайн брифингте айтылды.

Індетті жұқтырғандардың 48%-і жұмыс істейтін адамдар. Ал оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 1103 жағдайы тіркелген, оның ішінде 263-і (23,8 %) – кезекші сынып оқушылары. Қашықтан оқитын оқушылар арасында 840 жағдай тіркелген.