Ауа райының қолайысыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Атап айтқанда, дәл қазір Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы учаскелерінде шектеу қойылды. Оның ішінде Өлке мен Қарабұтақ, Ресей шекарасы мен Орал аралығына көлік қатынай алмайды. Бұған қоса, Орал-Атырау тас жолының бір бөлігі жабылды. Осындай жағдайды Алматы облысынан да байқауға болады. «Үшарал-Достық» автожолының 83 және 184-шақырым аралықтарында қозғалыс шектелген. Ал Шығыс Қазақстанда Алматы-Өскемен, Өскемен-Семей, Омбы-Майқапшағай және Ресеймен шекаралас бөліктері жабылды.