Енді коллекторлардың жосықсыз әрекеттеріне жол берілмейді

Борышкерлердің құқығын қорғауға бағытталған заң жобасы бүгін Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданды.

Айталық, коллекторлардың бөтен нөмірден қоңырау шалуына тыйым салынған. Борышкерлердің әрекетін бейне-аудио файлдарға жазу кезінде де арнайы шектеулер енгізіледі. Заң бойынша араға үшінші тұлғаның араласуына рұқсат жоқ. Бұл мақсатты көздейтін құжат Мәжілісте өткен жылдан бері қаралып келеді. Дәлірек айтқанда, былтыр желтоқсан айында микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленді.

Сондай-ақ...