Бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 4,2 млн теңгеге ұлғайту ұсынылды

Бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 4,2 млн теңгеге ұлғайту ұсынылды

Бастама төменгі палатадағы Қазақстан халық партиясының фракциясы тарапынан көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында еліміздегі ана мен баланы қолдау тетіктері сынға алынды. Мәжілісмен Ерлан Смайловтың айтуынша, Қазақстандағы балалардың 15,6 проценті табысы төмен отбасында өмір сүреді. Бұл – шамамен 1 миллион бала. Статистиканы халықаралық ЮНИСЕФ ұйымы ұсынған. Көпбалалы отбасылар саны 340 мыңға жетеді. Мәселені шешу үшін бала күтіміне берілетін жәрдемақыны ұлғайту қажет және сол қаржыны мақсатты түрде тұрғын үй алу немесе отбасылық жағдайды жақсарту үшін жұмсалуы тиіс дейді депутат. Тағы бір түйткіл жалғызбасты аналар мен әкелер әлеуметтік қолдау алатын топтарға жатпайды. Ал мұндай отбасылар саны – 500 мыңдай.