430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Sputnik V» вакцинасының бағасы арзандауы мүмкін

  • 97
  • UPD: 20:07, 03.03.2021
«Sputnik V» вакцинасының бағасы арзандауы мүмкін

Биыл ресейлік Спутник V вакцинасының бағасы түсуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов хабарлады.

Айтуынша, бұл сұрақ наурыз айының ортасында белгілі болады.

Сонымен қатар осы жылы дәрігерлердің орташа жалақы көлемі шамамен 320 мың теңгеге дейін жетеді. Ал 2023 жылы 500 мың теңгеден асады. Орта санаттағы мамандардың да айлығы 173 мың теңгеге дейін артады. Осылайша, медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қорғау басты назарда қала береді.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

– Жыл басынан мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін мамандардың жалақысы өсті. 460 бірлік зертханалық құрал-жабдық пен 12 бірлік жылжымалы кешен сатып алынды. Биылғы жоспарға сай 6 млн азамат вирусқа қарсы екпе алады.

Министрлік медициналық қызмет бақылауын күшейтті. 10 млн астам дәрі-дәрмек заңсыз айналымнан шығарылды. Былтыр елде препараттарды заңсыз сату бойынша шамамен 500 жағдай анықталды. Шамамен 2 мың дәріхана тексерілді. Белгілі болғандай олардың тең жартысы бағаны негізсіз көтерген.

Хабар 24 телеарнасы