Үсек таулы өзенінің суы ақ көбік қабатымен жабылды

Бүгін ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне Алматы облысының қорықшылық қызметінен бейнеөтініш келген.

«Қызметкерлердің көмегімен Панфилов ауданындағы Өсек таулы өзеніндегі судың биіктігі 10 сантиметрден асатын ақ көбік қабатымен жабылғандығы тіркелді. Видеода өзендегі судың көбік массасына айналғандығы анық көрінеді», - делінген.

Шұғыл түрде Жаркент қаласына Алматы облысы бойынша экология департаментінің мамандары, әкімдік және табиғатты қорғау полиция қызметінің өкілдерімен бірге тексеруге шықты. 

Толығырақ ақпарат жақын арада жолданатын болады.