Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің баспана төлемдері тоқтатылмайды

Қызмет бабында қаза тапқан немесе жарақат алған полиция қызметкерлерінің отбасы баспана төлемдерін ала береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын ондай жағдайда төлем бірден тоқтатылатын. Онсыз да асыраушысынан айырылған отбасы қиын жағдайда қалатын еді. Сенаторлар тиісті заңнамаға осындай өзгеріс енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды. Яғни, полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелері әлеуметтік қорғауға алынады. Отбасының ипотекалық немесе арендалық баспана туралы шартында көрсетілген міндеттемелер толық орындалғанша, төлем тоқтамайды.