Ақмола облысында бірқатар карантин талаптары жеңілдетілді

Енді бұрынғыдай емес, мереке және демалыс күндері де базарлар мен сауда орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олармен қатар қоғамдық моншалар мен сұлулық салондары да сенбі-жексенбіде қызмет көрсете алады. Сондай-ақ қала және облысаралық автобус қатынасы қайта жанданады.

«Себебі, соңғы аптада инфекцияның таралу көрсеткіші біршама төмендеді», - дейді аймақтың бас санитар дәрігері. Бірақ барлық жерде санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Ал, бұқаралық іс-шараларды өткізуге салынған тыйым әлі де күшінде қалады.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Ойын-сауық орталықтарына да әзірге жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Әсіресе, ғимарат ішіндегі балалар ойын алаңқайларына деген шектеу әлі де сақталады. Ал, шаштараз, педикюр, маникюр секілді қызметтерге енді ешқандай шектеу жоқ. Бірақ бір адамға 4 шаршы метр аумақ берілу қажет. Әрі орындықтардың арасы 2 метрден кем болмауы тиіс.