Жамбыл облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Жамбыл облысында жортып жүрген қар барыстары фототұзаққа түсіп қалған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы бойынша меркілік Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесіне 11 фототұзақ орнатылған екен. Соның біреуіне Қызыл кітапқа енген сүйкімді жануарлар ілігіп қалған.

Айта кетейік, елімізде қар барысын аулауға тыйым салынған.