Таразда педагогтарға коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды

Жалпы білім беретін мектептердің 25 мыңнан астам мұғалімі, соның ішінде бірінші бастауыш сынып ұстаздары екпе салдырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген «Спутник V» екпесінің 5 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Үшінші кезеңде білім беру ұйымдары мен медицина-әлеуметтік мекемелердің барлық қызметкерлері, студенттер де екпе салдыра алады. Биыл Жамбыл облысында 600 мыңға жуық адамға вакцина салу жоспарланған.

Жәмилә Бекбатырова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

– Жалпы, осы вакцинаны алу қоғамның, өзіміздің отбасымыздың денсаулығы үшін деп ойлаймын. Мен өзім ерікті түрде келдім. Қазіргі жағдайым жақсы. Бүгін менімен бірге 50-ге жуық Тараз қаласында білім мекемелерінде қызмет етіп жатқан педагогтар, мекеме басшылары келді.

Сондай-ақ...