430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастар арасында бедеуліктің белең алуына не себеп?

  • 169
  • UPD: 01:26, 05.03.2021

Соңғы 3 жылда жастар мен жасөспірімдер арасында жаңа ВИЧ-инфекциясының таралуы 43 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі аурулардың салдарынан бедеулік белең алған. Сенатор Ақмарал Әлназарова осы мәселені көтеріп, Үкіметке сауал жолдады. Сенат қабырғасында ара және марал шаруашылығындағы проблемалар мен кітапхана саласындағы өзекті мәселелер көтерілді.

Жастар арасында профилактика жетіспейді. Аурудың алдын алу үшін санитарлық ағартушылық жұмыстары жүргізілмейді. Салдарынан инфекция таралу көрсеткіші өсіп, бедеулік белең алған.

Сенатор Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл мақсатқа жұмсалатын қаржы да мардымсыз. Жастар арасындағы ВИЧ және басқа да инфекцияларды уақытында диагностикалау мен емдеу жағы да ақсап тұр.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдердің тек 9% АҚТҚ-ның берілу жолдары туралы жан-жақты білімі бар, 60% жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу әдістері туралы білмейді, ал науқас жастардың 62,6% өз бетімен емделеді. Бұл қалыптасқан әдеттің ең көп таралатын салдары – бедеулік.

Депутат жастарға халықаралық стандарттар негізінде қызмет көрсететін орталықтарды жетілдіру керек дейді. Барлық қалада тәуелсіз денсаулық орталықтарын құруды ұсынды.

Ал сенатор Дүйсенғазы Мусин ара және марал шаруашылығына мемлекет тарапынан шұғыл қолдау керектігін айтады.

Омарталар аз, материалдық-техникалық база нашар, ветеринарлық қызметте кемшілік көп. Соңғы 30 жылда марал саны да екі есеге азайған. Ал бал шаруашылықтары ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр.

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Дегенмен пайдасы өте көп, бұл саланы толықтау игере алмай отырмыз. Тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларында жанбасына жылына алты кг ара балы көзделген. Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес, 4 млн-нан астам оқушының 400 мыңы ғана балмен қамтамасыз етілген.

Сенатордың сөзінше өңірлерде субсидия ретінде бөлінген қаржыны бақылау деңгейі төмен. Өнімді өңдеу, өткізу, экспорт мәселесін жан-жақты саралау керек. Ал Нұртөре Жүсіп кітапханашылардың жалақысын көтеруді сұрады. Үкіметке сауал жолдап, саланың проблемаларын тізіп берді.

Хабар 24 телеарнасы