Күнбағыс майы мен жұмыртқа бағасы тұрақтала ма?

Жұмыртқа бағасының одан әрі қымбаттауына жол берілмес үшін ірі құс фабрикалары мен сауда желілері ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара келісімге отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келісілген фермаларға жем жеткізу де жоспарда бар. Бұл жұмыртқа бағасын ұстап тұрудың тағы бір тетігі. Күнбағыс майы да қымбаттамау үшін тиісті шара қолға алынады. Құзырлы ведомство баға тұрақтылығын қамту мақсатында өндірушілер мен сауда желілерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Ауыл шаруашылық өнімдерін сырттан алдырмау мақсатында агроөнеркәсіп кешенін жетілдіру көзделіп отыр.

Сәуле Молдабаева, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры:

– Жалпы, 2024 жылға дейін 19 құс фабрикасын, 35 сүт өңдеуші ферма, 9 ет өңдеуші кәсіпорын мен Жамбыл облысында қант зауытын ашу жоспарда бар. Осылайша, ішкі нарық сүт, ет, жұмыртқамен 100 процент қамтылды. Ал қант импорты 80 процентке қысқарады.

Сондай-ақ...