433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда COVID-19-ға қарсы екпе салудың екінші кезеңі өтіп жатыр

  • 200
  • UPD: 22:16, 04.03.2021
Алматыда COVID-19-ға қарсы екпе салудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Осы уақытқа дейін қалаға 10 800 доза жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші кезеңде вакцинаны ковид жұқтырған науқастармен тікелей жұмыс жасайтын дәрігерлер алады. Ал ақпан айында екпе салдырған адамдарға қазір ревакцинация жасалып жатыр. Бұл 12 наурызда аяқталады. Вакцина 39 емханада салынады. Енді қалада полиция қызметкерлері мен мұғалімдерге екпе салу жоспарланып отыр.   

Лаура Мырзағали, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:

– Бірінші кезең сәтті аяқталды. Денсfулықтарына байланысты вакцинадан шеттетілген адамдарға кейін дәрігерлердің рұқсатымен екпе салынды. Үш қызметкер ғана өз еркімен екпе қабылдаудан бас тартты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа шалдыққандарға да екпе егуге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы