Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдардың басым бөлігі жабық

Ауа райының қолайысыздығына байланысты елордадан шығатын жолдардың басым бөлігі жабық.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының ондлайн картасында «Нүр-Сұлтан-Қорғалжын», «Нұр-Сұлтан-Ерейментау», «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр» және «Алматы-Екатеринбург» тас жолының астанамыз арқылы өтетін аумақтарыда көлік қозғалысына шектеу қойылған. Бұған қоса «Жезқазған-Петропавл» және «Самара-Шымкент» жолдарының кейбір учаскелері жабық. Тек жүк көліктері мен қоғамдық көліктерді өткізбейтін аумақтар бар. Нақты ақпаратты «ҚазАвтоЖол» компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығынан білуге болады.