Елімізде 18 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

Елімізде 18 882 адам коронавирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 4 506 пациент стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 226 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.